08 мамыр 2018 16:55

Жеңіс күні ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© veteranrb.ru © veteranrb.ru

Синоптиктер 9 мамыр - Жеңіс күнінде елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 9 мамыр - Жеңіс күнінде елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 9 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерлерінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

"Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети