Жеңіс саябағында билеген оқушыларға қатысты іс: тағы бір дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс саябағында билеген оқушыларға қатысты іс: тағы бір дерек шықты видео кадры

Павлодарда 9 мамыр қарсаңында Жеңіс саябағындағы оқушылардың биі дау туғызды. Олардың ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 9 мамыр қарсаңында Жеңіс саябағындағы оқушылардың биі дау туғызды. Олардың ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, 2 мамырда сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған қыздар, яғни И., Ж., С., Ж. Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңына барып, Даңқ обелискінде орынсыз билеп, бейнеролик түсірген. Сот мәліметінше, олардың заңды өкілдері саналатын Г., Ж., А., К. кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған.

Кәмелетке толмаған С. (15 жас) мен Ж.-ның (14 жас) Жеңіс алаңындағы Даңқ обелискінде ескерткішті қорлаудағы әрекеттері ұсақ бұзақылық деп танылып, олардың заңды өкілдері А. мен К.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған. Ал бұл үшін 16 жастағы кәмелетке толмаған И. мен Ж. тікелей жауапкершілікке тартылды.

"Сот Г., Ж., А., К.-ны ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 55 048 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Сондай-ақ, сот А. мен К.-ны ӘҚБтК-нің 435-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсына 19 267 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейінгі оқиға

Еске салайық, бұған дейін kerek.pv Telegram арнасында жарияланған кадрларда саябақта төрт қыз тверк билеп жатқаны көрінетіні хабарланды. Видеода "Жеңіс саябағын қорлап жатырмыз" деген жазу бар.

Павлодар облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенованың ақпараты бойынша олардың арасында үш оқушы және колледждің бір студенті бар, екеуі 16 жаста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети