08 қараша 2019 | 12:08

Жеңістің 75 жылдығына ардагерлерге бірыңғай төлем белгілеу тапсырылды

© newsmir.info © newsmir.info

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және "ҚР Ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

"ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпымемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қодлдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс", - деді Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығын атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында. 

Сонымен қатар, Жеңістің мерейтойлық жылы келесі шаралар жоспарланған:

- Әскери шеру өткізу;
- ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерілмей қалған молаларын және көмілмей қалған қалдықтарын анықтау бойынша іздеу жұмыстарын жүргізу;
- Ардагерлердің ТМД елдерінің аумағында өткізілетін шараларға қатысуы;
- Ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету;
- Мерейтойлық медальдар тапсыру, мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети