28 қараша 2022 | 12:55

ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беру: Үкіметте Тоқаевтың тапсырмасы туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Валерия Бугаева. Фото: Валерия Бугаева.

Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысанды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысанды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

"Екібастұздағы жағдайға қатысты. Жексенбі, 27 қарашада, жылу желілеріндегі желілік суды көп тұтынуға байланысты қалалық ЖЭО-да қазандық агрегаттары тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды.

28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді", - делінген хабарламада.

Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс биыл наурызда құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.

"Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және т/ж секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және т.б. бар", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Еске салайық, екібастұздықтар жылу электр орталығындағы бірнеше қазандықтың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалды. Кейін ЖЭО-дағы апатқа қатысты Энергетика министрлігі пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети