01 тамыз 2019 | 12:35

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі таңда тұлғалар тарапынан жер қойнауын заңсыз пайдалану іс-әрекеттері жиі тіркеледі. Құм, қиыршық тас секілді т.б құрылысқа қажетті заттар базар нарығында үлкен сұранысқа ие. Бұл шикі заттарды тасымалдаушылардың да заңды және заңсыз әрекеттері көрінеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінгі таңда тұлғалар тарапынан жер қойнауын заңсыз пайдалану іс-әрекеттері жиі тіркеледі. Құм, қиыршық тас секілді т.б құрылысқа қажетті заттар базар нарығында үлкен сұранысқа ие. Бұл шикі заттарды тасымалдаушылардың да заңды және заңсыз әрекеттері көрінеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда үнемі заңдылықты сақтауды қатаң ұстанатын тәртіп сақшылары заңсыздықтардың алдын алу мен оны жоюды өздерінің міндеті деп біледі. Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау инспекторлары тап осы табиғатқа қатысты заңсыздықтарды болдырмау мақсатында облыс аумағында рейдтік іс-шараларды жиі атқарып келеді. 

Мәселен, жыл басынан бері полицейлер жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың  30-тан астам жайтын анықтап, оның ішінде 22-сі бойынша келтірілген залал ірі көлемде болмауына байланысты өндірістен қысқартылды. Ал, қалған анықталған қылмыстық істерге қатысты сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұлкен сұранысқа ие болып тұрған құм-қиыршық тас қоспасы екендігін және оның нарықтық бағасын ескеретін болсақ, бүгінгі таңда заңды белшесінен басқан тұлғаларды құрықтағанымызбен, олар тек сол көлігіндегі көлемді ғана мойындайтындығы белгілі болып отыр. Сонымен қатар, жер қойнауын заңсыз пайдалануға  сұраныстың жоғары болуынан, базар нарығындағы табиғат байлықтары бағасының өсуінен, заңсыз тасымалдаушының іс-әрекетін арттырып, осы себептердің салдарынан табиғатқа орасан зор зиян келуде.

Негізінен облыс көлемінде заңсыз жер қойнауын өндіру, заңсыз балық аулау, аңшылық секілді табиғатқа зиян келтірген іс-әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау инспекторлары "Уылдырық", "Браконьер" секілді іс-шараларды атқарып, нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтардың жолы кесіледі. Ағымдағы жылдың шілде айының белгіленген екі күнінде Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Қазығұрт АПБ-нің Табиғатты қорғау тобының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара барысында, табиғатты қорғау инспекторы Мекембай Мейіржанның қырағылығының арқасында, 4 ауыр жүк көлігі құрықталды. Белгілі болғандай олар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасырын түрде іске асырып отырған.

"Заңсыз құм, тас тасымалдағандарды ұстау қиындау. Себебі, олар жалғыз әрекет етпейді. Бірлесіп, бір–бірінің көмегіне жүгіне отырып қимылдайды. Сонымен қатар, полицияның келе жатқанынан жасырынып, көліктерін тығып үлгеретіндері де бар. Алайда, қанша жерден бой тасаласа да, заңды бұзғандар түбінде жазаланады. Тағы бір айта кететін жайт, табиғатқа зиян келтіріп жатқан ауыр жүк көліктерінің әрекетін байқайтын кейбір тұрғындар тараптарынан да арыздар, хабарламалар келіп жатады. Ондай сәтте де жеделділігімізді көрсетіп, күн-түн демей бірден әрекетке көшеміз. Жалпы өзеннің қиыршық тастарын, құмдарын заңсыз алып кеткендер, өзенге де, тұрғын үйлерге де орасан зор зиянын тигізуде. Жан-жағындағы ғимараттар, нысандар заңсыз қазып алынған жер қойнауларынан қалған үлкен шұңқырлардың кесірінен зиян шегеді. Халықтың осы жағдайын да ескере отырып, рейдтік шараларды жиі атқарып тұрамыз" - деді ішкі істер органы саласының маманы Мекембай Мейіржан.

Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату, өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, алдағы уақытта жер қойнауына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау, болдырмау мақсатында жедел алдын алу шараларының жиі өткізелетіндігін хабарлай отырып, заң бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұранамыз. Егерде жоғарыда аталған жайттар бойынша заңсыздықтар орын алса, онда сіз ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен жауапкершілікке тартылып, назарға ілігесіз. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану (шағал, құм, тас, топырақ т.б.) дерегі анықталған жағдайда, шұғыл түрде жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторына хабарласуға, сондай-ақ жедел желі "102"-ге де хабарласуларыңызға болады. Сондықтан пайдалы қазбаларға деген сұраныстың жоғары болуы, құқықбұзушыларға әрі қарай заңсыз әрекет жасауларына мүмкіндік туғызатыны белгілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети