06 қыркүйек 2019 | 11:48

"Жерді ешкімге бермейміз". Тоқаев Қытай зауыттары туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың патриоттық сезіміне айла-шарғы жасауға ұмтылып жатқандардың қауесетіне ермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың патриоттық сезіміне айла-шарғы жасауға ұмтылып жатқандардың қауесетіне ермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылып, шет мемлекеттің 55 ескі зауыты тасымалданып, оған мыңдаған шетелдік жұмысшы тартылады деген қауесет тарады. Біздің халық мұндайға сенбеуі керек. Мұндай қауесетті адамдардың патриоттық көңіл-күйлерін айла-шарпып, эмоционалды, эпатажды адамдарды өздерінің белгілі бір мақсаттарына қол жеткізу үшін қаскөйлер қолданады", - деп мәлімдеді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ол мұндай манипуляция геосаясаттың бір бөлігі екенін, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру екенін басып айтты. 

"Біздің халық дана және өз ақылымен өмір сүре алады. Биліктің міндеті - қоғаммен диалог арқылы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, оны біз көбіне нашар орындап жатамыз. Ақыл-ой мен ұсыныстарды ескеру, қабылдау. Мен тағы қайталап айтамын, біз жерді ешкімге бермейміз және әрдайым халықты тыңдап отырамыз", - деп сендірді Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети