28 мамыр 2016 | 12:27

Жерді Қытай азаматтарына беру туралы қауесетке байланысты Асқар Мырзахметов пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мырзахметов жерді қытайлықтарға беру мәселесі жөнінде ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтіп жатыр. Комиссия мүшелері жерді ауыл шаруашылық мақсатында жалға беру мәселесін талқылады.


Иконка комментария блок соц сети

Асқар Мырзахметов жерді қытайлықтарға беру мәселесі жөнінде ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтіп жатыр. Комиссия мүшелері жерді ауыл шаруашылық мақсатында жалға беру мәселесін талқылады.

Бүгінгі отырыс барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстанға қытайлық делегацияның не себепті келгенін, оның жерді беру мәселесіне қандай қатысы бар екенін сұрады.

"Ақпарат құралдарында Ақмола және Алматы облыстарында қытайлық тараппен келісімшартқа қол қойылғаны жазылып жатыр. Мен ресми түрде сұрағым келеді: мораторий жариялағаннан кейін келісімшартқа неліктен қол қойылады? Егер қандай да бір келісім болған жағдайда, оны жариялап, қандай келісімшарт екенін айтып, оған қандай талаптардың кіргенін мәлімдеу керек, бұл сұрақ қазір барлығын толғандырып отыр", - деді Мұхтар Тайжан.

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов белгілі бір құжаттарға қол қойылғанын, оны жер мәселесіне қатысы жоқ екенін айтып өтті.

"Біз қытайлық тараппен сауда-экономикалық даму мәселесіне қызығушылық танытамыз, сонымен қатар олар бізбен шекаралас ел. Олармен біз сауда, экономикалық даму жөнінен серіктеспіз. Бұған дейін олармен аз келісімшарт жасасқан жоқпыз. Бұл елге арнайы талаптар қойып отырмыз. Қазақстандық тарап танытып отырған барлық нормаларды ұстанамыз", - деді жауабында Мырзахметов.

"Қытайлық тарапқа келетін болсақ, комиссия келіп, біздің өнімдермен танысты, кәсіпкерлермен сөйлесіп, өңірлерді аралады. Біздің өнімдердің - еттің, бидайдың Қытай нарығына барып жатқанын талқыладық. Олармен жасалған келісімшартқа келетін болсақ, оның жер мәселесіне еш қатысы жоқ. Тек азық-түлікке қатысты. Бұл біздің ішкі құжаттар", - деді Асқар Мырзахметов.

Мәселені талқылау барысында премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев шетелдіктермен жер беру мәселесі талқыланбағанын тағы айта кетті.

"Кеше ғана Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесін өткізіп, шетелдіктерді біздің елге инвестиция құюға шақырды. Ешкім жерді шетелдіктерге сатайын деп жатқан жоқ, бізде бұған заңмен шектеу қойылған. Мен комиссия мүшелерінен осыны түсіндіру жұмыстарымен айналысуды сұраймын", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, биыл 6 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлыққа қол қойған болатын.

"Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге мораторий жариялансын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети