08 мамыр 2019 11:20

Жергілікті өнімге сұраныс жоғары - Түркістан облысы әкімдігі

Облыс орталығы Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырудың игі дәстүрге айналғаны - айтарлықтай қуанышты жағдай. Бұл - қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер тұрғындардың денсаулығына пайдалы, баға мәселесінде қолайлы. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары әр аптаның соңына және мереке күндері өтетін жәрмеңкені асыға күтетін болып жүр.

Реклама
Реклама

"Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері: ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, өсімдік майлары, көкөніс пен жемістің сан алуан түрлерін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған кезекті жәрмеңке ағымдағы жылдың 6-7 - мамырында Есім хан алаңында өтті. Оған қаламыздың 12 тауар өндірушілері қатысып, 2 тонға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Нарық бағасынан 15-20 пайыз төменгі бағада саудаланған тауарлар тұтынушылардың көңілдерінен шығып отыр.

"9 мамыр "Жеңіс күні" қарсаңында сағат 10.00 мен 15.00 аралығында өз жалғасын табатын жәрмеңке алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болады. Өтетін орны мен уақыты жөнінде көптің назарына қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram