Жеті хан жатқан Сарайшықтағы жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты

viewings icon 298 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін жүріп жатқан Жайық жағасын бекіту кезінде жұмыс алаңынан адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетелік, жеті хан жерленген делінетін көне шаһарды Жайық өзенінің шайып бара жатқаны белгілі. Бұны тоқтату үшін былтыр өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін жүріп жатқан Жайық жағасын бекіту кезінде жұмыс алаңынан адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетелік, жеті хан жерленген делінетін көне шаһарды Жайық өзенінің шайып бара жатқаны белгілі. Бұны тоқтату үшін былтыр өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген еді.

Облыстық тариxи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипованың айтуынша, жұмыс алаңынан шыққан сүйектер арнайы зерттеулер жүргізіліп сызбалары сызылып алынғаннан кейін жиналып, ауыл маңындағы бейітке қайта жерленіп жатыр. Ол ежелде мұнда орыс казактарының, ноғайлардың және оны алтыншы ғасырдағы қазақтардың жерленгені белгілі болғанын айтты. Сүйектердің астында Сарайшық қаласы орналасқан.



Ол Жайық өзенінің жағасындағы апатты жағдайдағы қазба орнын сақтап қалу мақсатындағы археологиялық қазба жұмысының биылдан бастап қолға алынғандығын және 2020 жылға дейін жалғасатынын да хабарлады. Аяқталған қазба орындарын реставрациялау басталған. Жалпы қазба жұмыстарына тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашев ғылыми жетекшілік етеді.

Ал, жағаны бекіту жұмысын жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілі Асқар Төленов құрылыс 2018 жылдың басында аяқталады деп жоспарланғанын айтты.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі шаһарды қалпына келтіру үшін 100 миллион теңге бөлетінін хабарлады. Қазірде қаланың орнын туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, Сарайшық Атырау қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Алтын орданың саяси, экономикалық орталықтарының бірі болған қала Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы атанды. Жібек жолының бойында тұрған мұнда, тарихшылардың айтуынша, 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю