Жеті облыс тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеті облыс тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар автомобиль жолында автокөлік қозғалысына (қалың қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) шектеулер енгізілді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 20 градустан төмен болады деп болжанады.

ІІМ осы өңірлердің тұрғындарына автожолдар бойынша жол жүруден бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауды ұсынады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді өте сақ болуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети