11 шілде 2016 18:18

Жетім балалар дерекқорында қате жазылған сауалнамалар түзетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© droplak.ru © droplak.ru

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер қорындағы балалардың анкеталары түзетілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер қорындағы балалардың анкеталары түзетілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер қорындағы балалардың анкеталары түзетілді.
Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері көп кешікпей жарияланады. Тексеру нәтижелері жақын күндері жарияланатын болады", - делінген таратылған хабарламада.

2016 жылдың 8 шілдесінде ҚР БҒМ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіашылған болатын.

Алайда, ертесіне әлеуметтік желі қолданушылары толтырылған анкеталардың мазмұнына шүйлікті. Мысалы, 4 жасар бала былай сипатталған: "Хоббиі: ештеңемен айналыспайды. Жеке тұлғаның қасиеті: жігерсіз. Ойлау қабілеті: аңғал, ақымақ.

Осы мәселеге байланысты ертеректе Білім министірінің кеңесшісі Балия Әкімбаева мәлімдеме жасаған болатын.

Бүгінде жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны - 29 666. Оның 21 780-і қазақстандық азаматтардың отбасында қамқоршылықта, ал 8 066 бала - балалар үйінде тəрбиеленіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети