Жетімдер мен мүгедектерден пәтерін тартып алған: Астанада ауқымды схема әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетімдер мен мүгедектерден пәтерін тартып алған: Астанада ауқымды схема әшкереленді видео кадры

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену деректері бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену деректері бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2014–2016 жылдары А.Байжұманов "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана әкімдігі тарапынан аяқталған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема "өткен күнмен рәсімделген жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған.

Осылайша жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети