03 сәуір 2018 | 11:15

"Жетінші арнада" Ләйлә Сұлтанқызымен "Өз-ойым" атты жаңа бағдарлама шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ләйлә Сұлтанқызының жаңа бағдарламасында екінші жүргізуші Алмас Алтай болады. "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде қоғамда қызу талқыланған өмірде болған шынайы оқиғалар турасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ләйлә Сұлтанқызының жаңа бағдарламасында екінші жүргізуші Алмас Алтай болады. "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде қоғамда қызу талқыланған өмірде болған шынайы оқиғалар турасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өз-ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. 

Авторлардың ойы бойынша, ток-шоуға қонақ болып келгендерге құйтырқы сұрақтарға жылдам әрі тоқтаусыз жауап беруіне тура келеді. Тікелей эфирде ешқандай жасандылығы жоқ, шынайы эмоциялар көрсетіледі. 

"Біздің ток-шоу өте қызық болады деген ойдамын, өйткені әр адамның пікірі маңызды. Адам шындықты айтқанда өзіне қарсы келетін бе еді? Әр адамның басында жалпыға ортақ және жеке өзіне қатысты жағдайлар болмай ма? Бір жақты кесімді шешімдер артта қалды, қазір сарапшылар уақыты. Біз әркімнің өз ойын айтуға құқылы екенін көрсеткіміз келеді", - дейді бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы. 

"Қазақстанға қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін, үйреншікті болып кеткенді заманауи әдіспен талдайтын, көлеңкеде қалып қоймай, бәсекелестік ортаға ұмтылып, жақсы дүние шығара алатын бағдарлама қажет. Қазақстанға кейіпкерлерді белгілі бір шеңбермен шектеп, көрермендерді сценарий жазушылардың жеңіл олжасына айналдырмайтын ток-шоу қажет. Қазір маңызды оқиғаны көпшілік жасайды. Көпшілік уақыты келді. Біз дәл уақытта, қажетті аудиториясы бар арнаға шығып отырмыз деп ойлаймын", - деп есептейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Жүргізушінің сөзінше, шоудың жаңа форматы туралы шешімді арнаның директорлар кеңесі қабылдаған. Айта кетейік, 2017 жылдың аяғында "Жетінші арнаның" директорлар кеңесінің төрағасы Батыр Қазыбаев болған еді. 

"Бүгінде қазақ тілді сапалы контенттің маңызы сөзсіз. Тәуелсіз ел ретінде Қазақстан көрермен мақтана алатындай сапалы контент жасауы қажет. Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанның үздік тележүргізушілерінің бірі екені күмәнсіз. Сондықтан "Жетінші арнаның" көрермендері үлкен қызғушылық танытады деген үміттеміз. Ал өз тарапымыздан күнделікті ток-шоуымызда маңызды әрі өзекті тақырыптар талқыланатынына уәде береміз", - дейді Батыр Қазыбаев. 

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетілетін болады. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Бағдарламаның алғашқы қонақтары Парфюмер нигімен танылған рэпер және жезөкшелерді қамшымен қуағаны туралы қойылымдық видеодан кейін белгілі болған Жан Ахмадиев болатыны белгілі. 

Бүгін сағат 15:00-де "Жетінші арнада" Ләйлә Сұлтанқызын тікелей эфирден көріңіздер!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети