Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бизнесмендердің еңбегін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бизнесмендердің еңбегін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елбасы Қазақстан экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан отандық кәсіпкерлердің орнын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі бизнесмендер миллионер әкелерсіз жетістікке жеткен.
"Біздің бүгінгі табысты бизнесмендеріміздің мұра қалдырып кететін немесе бастапқы капитал бөліп беретін миллионер әкелері болған жоқ. Олар өздері жетістікке жетті. Мен әрқашан айтып жүрмін, өз еңбегінің арқасында өздерінің және ел болашағын жасаған тынымсыз, еңбекқор адамдар осындай өзгерістерге әкелді. Сондықтан Қазақстан қазіргі кезде өз күшіне сенімді, өйткені бізде осындай адамдар бар", - деді Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік жиында сөйлеген сөзінде.
Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бизнесмен Геннадий Зенченконың екі хат жайлы айтып берді. "Өзімнің жеке мұрағатымнан бір адамнан келген екі хатты тауып алып, сол хаттарды осы жиынға әкелуді ұйғардым. Хатты Солтүстік Қазақстан облысының шаруасы Геннадий Иванович Зенченко жазған екен. Оның бірінші хатын мен ширек ғасыр бұрын 1991 жылы алдым. Геннадий Иванович хатында былай деп жазыпты: "Біз қазір еліміздегі қиын жағдай жайлы білеміз. Жақында жұртшылықпен кездескенде сіз Отанды сүюдің керемет сезім екенін, әсіресе, оны қиын жағдайда бағалай білудің маңызды екенін айтқан болатынсыз. Біз ауыр кезеңдердің келгенін түсініп отырмыз, бірақ біз сіздің Қазақстанды дамыта әрі гүлдендіре алатыныңызға сенеміз. Тек сізге сенумен өмір сүреміз", - деп оқыды Қазақстан Президенті Геннадий Ивановичтің хатын.