Алматы қаласының Жетісу ауданында өрт шығып, бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Алматы қаласының Жетісу ауданында өрт шығып, бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Қайғылы оқиға 16 сәуір күні Ломоносов көшесінде орналасқан үш қабатты үйде орын алған. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Ғимараттан 40 адам бірден басқа жерге көшірілді, ал құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде бір кішкентай баланы оттан аман алып шықты.
Өрт болған жерден 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт шалған аумақ 45 шаршы метрді құрайды. Өртті ауыздықтауға Алматы қаласының төтенше жағдайдар департаменті және ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы және 42 құтқарушы қатысты.
Осыған ұқсас жағдай Павлодар қаласында да орын алды. Өрт "Құрылысшы" бақ-шаруашылығы қоғамының территориясында шыққан. Сол аймақтағы 4 жер теліміндегі саяжай құрылыстары жанып кеткен. Өрт болған аймақтан белгісіз адамның мәйіті табылды. Әзірге оның кім екені анықтала қойған жоқ.
Талдықорған қаласының Солтүстік-Батыс шағын ауданында от жағатын пештің дұрыс болмауынан үш адам, оның ішінде 2 бала улы газдан иіс тиіп, ауруханаға жеткізілген.