Жетісу облысы ПД азық-түлік ұстаған полицейлердің видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Жетісу облысының Полиция департаменті полицейлердің қара түсті Toyota Land Cruiser көлігіне азық-түлік тасып, салып жатқан видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысының Полиция департаменті полицейлердің қара түсті Toyota Land Cruiser көлігіне азық-түлік тасып, салып жатқан видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадр сыртындағы дауыс Үштөбеде "полиция басшылығы тергеушілерді жұмыс істеудің орнына азық-түлік тасымалдауға мәжбүрлейді" дейді. Видео 2022 жылдың 29 тамызында түсірілген.

"Тергеушілер сатып алды, орынбасар мәжбүрлейтін сияқты, штат. Бір тергеуші, екінші тергеуші. Тергеу бойынша орынбасар, қазір ол келеді, күтеміз. Мен күні бойы тергеуші орынбасарының көлікке келуін күтемін. Жағдай қалай болатынын көрсету үшін. Ол бастықтың орынбасары болғандықтан, тергеушілеріне мұндайды істете алады. Өзі тасымас үшін, қызметкерлерін мәжбүрлеу жақсы ғой, байлардың ісі", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Жетісу облысының Полиция департаменті видеоға қатысты былай деп пікір білдірді.

"Облыстың полиция қызметкерлері аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік, кеңсе тауарлары және түрлі оқу құралдарымен жан-жақты көмек көрсетіп тұрады. Көбіне "Мектепке жол", "Бумеранг добра" акциясы т.б. аясында азық-түлік себеттері тапсырылады. Үштөбе қаласында түсірілген видеоға келсек, азық-түлік пакеттері кейін мұқтаж отбасыларға тарату үшін сатып алынған. Қаратал ауданының полиция қызметкерлері (тамыздан қыркүйектің аяғына дейін) 4 отбасыға, оның ішінде асырауында бірнеше баласы бар жалғызбасты аналарға осындай материалдық көмек көрсетті", - деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro