Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды Tengrinews.kz

Жетісу облысы Панфилов ауданында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды. Өткен аптада қыз із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы Панфилов ауданында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды. Өткен аптада қыз із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адам мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскенін, одан кейін жасаған әрекетінен қорыққандықтан өлтіргенін мойындаған.

"Күдіктінің айғақтарын тексеру және нақтылау кезінде жәбірленушінің мәйіті ауылдардың бірінің шетіндегі жерленген жерінен шығарылып, сот-медициналық сараптамасына жіберілді. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Ол кем дегенде 17 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети