Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды видео кадры

Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұрлығымен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұрлығымен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір прокуратурасы мәліметінше, олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады. Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәрізді қылмыс құралдары, сондай-ақ, сойылған мал сияқты заттай айғақтар тәркіленген.

"Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген. Олар ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети