19 шілде 2022 16:27

Жетісу облысында ауыл тұрғындары әкімнің отставкаға кетуін талап етті

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жетісу облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің қызметтен кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің қызметтен кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылдық округ әкімі Сағади Талдыбаев әкімшілікті 20 жылдан бері басқарып келеді. Алайда тұрғындар осы жылдар ішінде жұмыс нәтижесін көрмедік дейді. Олардың айтуынша, ауылда Интернет те, көшелер, жолдар мен балалар алаңдарында жарық та жоқ.

"Ол бізді тыңдамайды. Әкім креслосында 20 жылдан аса отыр, бірақ атқарылған жұмыс жоқ. Біз жарық, балалар ойын алаңын сұрадық. Нәтиже жоқ. Ең қиын мәселелердің бірі - Интернет. Бізге жақын көрші ауылдарда Интернет бар. Бұл мәселе көтерілгеннен бері 3-4 жыл өтті, бізге тек уәде беріп келеді. Әкімнің отставкаға кетуін талап етеміз. Көктемгі жиналыста, мамырда, бәрі, оның ішінде алаң, стадион, жарық, жол болады деп айтылды, бірақ нәтиже әлі жоқ", - дейді жергілікті тұрғындар.

Видео кадры

Ескелді ауданы әкімдігінің ресми сайты деректеріне сәйкес, Сағади Талдыбаев Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметіне екі рет тағайындалған: 1998 жылдан 2012 жылға дейін және 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін. Әкімнің өзі барлық мәселелерді бір сәтте шешу мүмкін емес деп санайды.

"Барлығы жоспарға сәйкес жүріп жатыр, кезең-кезеңмен шешіледі. Демалыс күндері біз көше жарығының 10 бағанасын ауыстырдық, спорт алаңы салынып жатыр. Иә, Интернет мәселесін шешу қиын, өйткені ауылдың географиялық жағдайы мүмкіндік бермейді. Ауыл төменгі жазықта орналасқан. Қазіргі уақытта округтің үш ауылында таза ауызсу бар, мектеп оқушыларын автобуспен мектепке жеткіземіз деп мақтана аламын", - дейді Сағади Талдыбаев.

Қызметтен кетуі және келесі мерзімге әкімшілік басшысы болып сайлауға қатысуы туралы Сағади Талдыбаев жауап берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети