Жетісу облысында ер адам ойын-сауық орталығын қиратып, өрт қойған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында ер адам ойын-сауық орталығын қиратып, өрт қойған Midjourney арқылы жасалған

Сот ойын-сауық орталығы ғимаратын өртеді деп айыпталған 25 жастағы тұрғынға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ДП мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот ойын-сауық орталығы ғимаратын өртеді деп айыпталған 25 жастағы тұрғынға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ДП мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, кешкі уақытта айыпталушы мекеме операторымен бірге алкоголь ішкен. Араларында ауызша жанжал туындап, кейін ер адам кешеннің мүлкін қасақана бүлдіре бастаған — техниканы, жиһазды және шыны заттарды сындырған. Соңында ол ғимаратты өртеп, қылмыс орнынан кетіп қалған.

Өрт ғимаратқа зақым келтірген. Залал көлемі 81 миллион теңгеден асқан.

"Сот істің мән-жайларын қарап, айыпталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған келтірілген шығынды өтеу міндеті жүктелді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети