Жетісу облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақытымен 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл сезілген", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!