Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

1 қаңтарда "Талдықорған - Үштөбе" тасжолының 10-шақырымында Фольксваген Гольф автокөлігі жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 қаңтарда "Талдықорған - Үштөбе" тасжолының 10-шақырымында Фольксваген Гольф автокөлігі жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 42-жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен автокөліктегі 35 жастағы жолаушы әйел қаза болған.

Ведомство өкілдері бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес соталды тергеу басталғанын хабарлады.

Полицейлер өңірде 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін ауа райы нашарлап, көктайғақ болатынын ескертті.

Осыған байланысты ІІМ қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети