Жетісу облысында керілген арқан арқылы өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында керілген арқан арқылы өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, жоғалып кетті instagram/taldykorganec_kolesa

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезінде суға құлап, ағыс алып кеткен.

"Расталмаған ақпаратқа сәйкес, өзенге құлап кеткен ер адам алдын ала мәлімет бойынша, Отарда қызмет атқаратын әскери қызметкер. Әзірге ресми пікір жоқ. Білетін адамдардан осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз", - делінген әлеуметтік желіде пайда болған видеоның сипаттамасында.

"11 мамырда таңғы сағат 06:30-дан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды. Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар мен спутниктік байланыс тартылды", - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстары Көксу өзенінің екі жағалауы бойынша (оң жағалау бойынша 4, сол жағалау бойынша 4 топ) 35 шақырымға дейінгі аумақта жүргізілгені айтылды. Сағат 18:30-да, қараңғы түсуіне байланысты, жұмыстар уақытша тоқтатылған. Іздестіру бүгін, 12 мамырда жалғасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети