Жетісу облысында қоқыс полигондары үшін шенеуніктер жазаланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында қоқыс полигондары үшін шенеуніктер жазаланды Фото: Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс аумағында рұқсат құжаттары жоқ 37 қоқыс полигондары жұмыс істеген. Осылайша Текелі және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында қоршаған ортаға зиян келтірілген.

"Бұған дейін экология департаменті жергілікті атқарушы органдардың назарын осы заңбұзушылықтарға аударған. Алайда олар шара қабылдамағандықтан табиғатты қорғау прокуратурасына араласуға тура келді", - делінген хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары және аудан әкімдігінің 1 бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 344-бабы ("экологиялық талаптарды бұзу") бойынша жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети