Жетісу облысында өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды видео кадры

Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметшінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметшінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД хабарлады.

"15 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға орнынан 15 шақырым төменде, Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан алып шықты. Тапқан кезде үстінде жартылай киімі болған. Денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезінде суға құлап, ағыс алып кеткен.

Өзеннен өтпек болған ер адам әскери қызметкер болып шықты. Бұл ақпаратты гвардиялық гарнизонның баспасөз қызметі растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети