Жетісу облысында сапасыз жолдар үшін 250-ге жуық адам жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында сапасыз жолдар үшін 250-ге жуық адам жазаланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысында жолды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған 249 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында жолды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған 249 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер өңірдегі жолдардың жағдайын мұқият тексеруді жалғастырып жатыр. Анықталған кемшіліктер бойынша жыл басынан бері жол ұйымдарына 1360 ұйғарым жолданды.

"Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдар тексеруден өтеді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 249 лауазымды тұлға жалпы сомасы 8590500 теңгеден астам айыппұл санкцияларын сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланды",– деді Жетісу облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов.

Жыл басынан бері өңірде 2081 жол белгісі, 24 бағдаршам нысаны, 24 билборд, 92 өнеркәсіптік өндірістегі жасанды тегіс еместіктер орнатылды. Сондай-ақ, 6,9 км көше жарығы және 45,4 км тротуар жолы жабдықталған.

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларын алдын алу мәселелері полицияның тұрақты бақылауында. Айталық, бірқатар аудандарда апатты-қауіпті учаскелерге 18 муляж бейнекамера мен 36 жол белгісін орнату туралы шешім қабылданды. Бұл жүргізушілерді тәртіпті болуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыру үшін жасалады",– деп атап өтті өңірдің әкімшілік полиция басқармасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети