Жетісу облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, биылғы 11 шілдеде Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды. Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети