23 мамыр 2023 | 12:32

"Жетісу облысында шетелдік құлдыққа сатылған": Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі өзін еңбек құлдығына сатып жібергенін айтқан Өзбекстан азаматының өтінішінен кейін тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі өзін еңбек құлдығына сатып жібергенін айтқан Өзбекстан азаматының өтінішінен кейін тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін полицейлер фермаға сатып жібергенін айтқан ер адамның видеосы тараған болатын.

Аталған дерек бойынша қаңтарда Жетісу облысы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану") бойынша соталды тергеу бастады.

"Наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті аталған тұлғалардың жасаған қылмысының объективті айғақтарының болмауына байланысты Хамраевқа (өзін сатып жібергенін айтқан ер адам) қатысты қылмыстық іс прокурордың келісімімен дәлелдемелердің болмауына байланысты тоқтатылды", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейін 17 қаңтарда Үштөбе қаласында кезекті отбасылық жанжалдан кейін Хамраевтың әйелі оны Өзбекстанға депортациялау үшін полицияға әдейі жүгінгені анықталған.

"Хамраевтың Қазақстан аумағында ұзақ уақыт бойы құжатсыз жүргені және оның жеке басын анықтау және растау үшін қабылдау-бөлу орнына орналастырылғаны анықталды.

20 қаңтарда учаскелік инспекторлар Хамраевты Талдықорғанда орналасқан қабылдау бөліміне апара жатқанда ол дәретханаға сұранып, жоғалып кеткен. Ол дүкеннің жанынан шаруа қожалығының басшысын кездестіріп, жұмыс сұраған. Хамраев ешқандай шағым түсірген жоқ, оның бетінде және денесінде ешқандай дене жарақаттары болмады", - деді ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында.

Шаруа қожалығының басшысы Хамраевты жұмысқа алатынын айтып, өз шаруашылығына жеткізгені атап өтіледі.

"Қаратал аудандық сотының қаулысымен Хамраев ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен ("Шетелдіктің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл салынды, ол қазір отбасымен Бестөбе ауылында", - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Ведомство мәліметінше, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Полиция басқармасының 2023 жылғы 3 ақпандағы бұйрығымен Қаратал аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкерлері қызметтен босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети