Жетісу облысында тұрғыннан ақша бопсалаған қыздар тобы ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 наурызда Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалау дерегі бойынша күдікті үш әйелді ұстады.

Полиция анықтағандай, ақпанда Б. есімді азамат "Друг Вокруг" мобильді қосымшасы арқылы А. есімді қызбен танысқан.

"Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда ол көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі оған басқа бөлмеге барып оңашалану туралы ұсыныс жасаған. Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған", - делінген хабарламада.

Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасатқан.

"Оларға 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады. Кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан. Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдікті әйел адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған", - делінген хабарамада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.53  course up  542.91  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro