Жетісу облысындағы тасжолда адам өліміне әкелген жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысындағы тасжолда адам өліміне әкелген жол апаты болды Сурет: Tengri Feedback Telegram-арнасының оқырманынан

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жолдады. Олардың айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында болған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Mercedes көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен тасжолында рөлге ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Жол апатының салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети