Жетісу облысындағы тасжолда жантүршігерлік адам өлімі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысындағы тасжолда жантүршігерлік адам өлімі болды Фото: polisia.kz

Жетісу облысында түн ортасында жолда отырған адамды көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында түн ортасында жолда отырған адамды көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалған.

Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тасжолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.

Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети