Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды Фото: Алматы облысының әкімдігі

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл уақытша. Салтанат сарайы ғимараты жұмыс күндері бос болған соң таңдалды, салтанатты іс-шаралар өткізілмейді", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Ербота.

Фото: Алматы облысының әкімдігі / Facebook

АХАЖ ғимаратының жалпы ауданы - 3531 шаршы метр. Мұнда Талдықорған және облыстың жақын аудандарының жас жұбайлары тіркелген.

Алдағы уақытта некені тіркеу жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында жүргізілетіні белгілі болды. Салтанатты неке қию рәсімі Бикен Римова атындағы театрда өтеді.

Фото: Алматы облысының әкімдігі / Facebook

Әлеуметтік желілерден алынған суреттер

Айта кетейік, Талдықорғандағы Неке сарайы 2017 жылы салынған еді. Құрылысқа бір миллиардтан аса қаражат жұмсалған. Ғимаратта қалыңдық пен күйеу жігіттің бөлмелері, некені салтанатты тіркеу залы, қонақтарға арналған күту залы, 160 орындық мейрамхана, кең холл және мәжіліс залы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети