Жетісу облысының фармбақылау басшысы күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Жетісу облысының ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шенеунік кәсіпкерлерден медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензиялар беру қызметін жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталған еді. Шенеунік әрбір жүк көлігінен 50 мың теңге алғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети