22 шілде 2022 14:22

Жетісу өңірінде Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіші қираған

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қиратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қиратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соғысқа қатысқандардың аты-жөні жазылған тақтайшалар ұсақ бөлшектерге бөлінген.

"Бүгінгінің мұңды көрінісі. Аудан басшысы бейбіт өмір сүруге және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік берген жерлестерінің ерлігін ұмытса, маңызды әлеуметтік мәселелерді қалай шешеді?" - дейді жергілікті тұрғындар.

Әкімдік өкілдері мәселенің мән-жайын біледі, бірақ ескерткіштің неліктен аянышты күйде екеніне жауап бермеген. Тек жөнделетініне сендірген.

"Шаған ауылындағы ескерткіш Кербұлақ сотының шешімімен ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық меншігіне берілді. Қазір Әділет органдарында тіркеуден өтіп, мемлекеттік акт дайындалып жатыр. Осы рәсім аяқталғаннан кейін құжаттаманы заңдастыру үшін айтылған нысанды жөндеуге қаражат бөлуге өтінім беріледі", - деді Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Ескерткіштің жөндеу жұмыстары аяқталатын нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети