16 тамыз 2023 11:52

Жетісудағы балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын дәрігер жұмыс істеген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: jcomp/Freepik Фото: jcomp/Freepik

Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде "Параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталған.

Сонымен қатар, "Қарлығаш" лагерінде (Көксу ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

"Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған. Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары - өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген", - делінген хабарламада.

Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

"Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. "Шағала" лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ", - делінген хабарламада.

Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети