Жетісулық көрмелер - Елорда төрінде

viewings icon 260 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан мұнда барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан мұнда барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен тұрмыста қолданған бұйымдары, Балпық бидің ұрыста киген дулығасы Астана төріндегі Қазақстан Қарулы күштерінің əскери-тарихи музейінде келушілер назарына ұсынылуда.

М. Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Күлəш Исабекованың айтуынша, көрмеге Талдықорғандағы өлкетану музейінің, Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уəлихановтың мемориалдық музейінің, Еңбекшіқазақ ауданындағы "Есік" мемлекеттік тарихи мəдени қорық музейінің экспонаттары қойылған. Ал Талдықорғандағы Көркемсурет галереясы мен Жаркент қаласындағы Əбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясынан əкелінген акварельмен, майлы бояумен қағазға, кенепке, ағашқа салынған суреттер астаналықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын туғызуда.

Келушілерге экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жəдігерлер мен олардың тарихы туралы кеңінен əңгімелейді. Мəселен, Балпық бидің XVIII ғасырда қалмақтармен соғыс кезінде киген дулығасын ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап келген. Жоламан ауылында тұратын тікелей ұрпағы 1980 жылдары мұражайға əкеліп тапсырған. Ал жыр алыбы Жамбылдың мулине жібімен тоқыған портретін 1930 жылдары Өзбекстанның он алты жастағы суретшісі ақынға сыйға тартқан.

Айта кетсек, "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне орай өтіп жатқан Алматы облысының Мəдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған тарихы сырға тұнған жəдігерлер мен көрнекті картиналар көрмесі алдағы тамыз айының 7-сіне дейін жалғасатын болады.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.67  course up  587.02  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю