Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізушілерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізушілерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Той кортежінде жүріп, ережені өрескел бұзған көлік жүргізушілерінің видеосы Интернетте жарияланған. Видеоның кадрларына жол талғамайтын көліктер түсіп қалған. Toyota Land Cruiser автокөлігінің бір жолаушысы көліктің төбесіне шығып алған.
Полицияның мәліметі бойынша, видео Жезқазған қаласында түсірілген. Видеоны тексеріп болған соң, полиция қызметкерлері ереже бұзғандарды іздестіруге көшкен. "Жүргізушілердің кім екені анықталды. Екі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олар - Toyota Land Cruiser және Lexus жүргізушілері. Сонымен қатар, тағы екі жүргізушінің Астанаға кетіп қалғаны анықталып отыр. BMW жүргізушісі де Жезқазғаннан кетіп қалған. Алайда олардың кім екені анықталды, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізушілерді де әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, LADA Priora көлігінде кім болғаны анықталмай отыр.