Жезқазғанда ойын алаңындағы өрт: кінәлілер анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жезқазғанда полиция балалар ойын алаңын өртеген кәмелетке толмағандарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда полиция балалар ойын алаңын өртеген кәмелетке толмағандарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазғанда бірнеше кәмелетке толмаған бала Түсүпбеков көшесіндегі ойын алаңына от қойған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Балалар пластик сырғанақтың астына шүберек қойып, от жаққан. Жалын бірден құрылымдарды шарпып, жақын маңдағы орындықтарға да тараған.

"Тергеу барысында осы оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандар анықталды. Осыған байланысты олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Балаларыңыздың қауіпсіздігі мен тәртібін мұқият қадағалаңыздар. Балаларыңызға қоғамдық тәртіпті сақтаудың және мүлікті бүлдіруге жол бермеудің маңыздылығын үнемі түсіндіріңіздер", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети