Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша менің жарлығыммен және қалалық мәслихаттые келісімімен Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі болып сайланды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік", - деді Ерлан Қошанов.

Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, жаңа қала жетекшісінің кандиратурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовты қолдады.

Қайрат Бегімов 1968 жылдың 23 ақпанында Қарағандыда туған. Екі жоғарғы білімі бар, 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтты бітірген, 2004 жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша "Өнеркәсіп көлігінің инженері", "Қызметкерлерді басқарушы, экономист". 

Еңбек жолын "Қарағанды көмір" бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын үй бойынша бөлімнің басшысы болып бастады. 90-жылдардың соңында, ең үлкен коммуналдық дағдарыс болғанда, Қайрат Бегімов Қарағанды аудандарының бірінде ТҮШК бөлімін басқарды. Кейін Октябрь ауданының әкімі, Коммуналдық мәселелер бойынша Қарағанды әкімінің орынбасары, онан соң Қарағанды облысы Құрылыс басқармасының жетекші орынбасары болып қызмет етті. 

2015 жылыдң шілде айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro