22 маусым 2023 14:38

"Жезөкшелер жаттықтырушы болып жұмыс істеген". Маңғыстау облысының спорт басқармасы пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы депутаттың "ArtSport" бағдарламасы бойынша бұрынғы сутенер мен жезөкшелер жаттықтырушы болып жұмыс істегені туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, "ArtSport" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін барлық жаттықтырушылар соттылығы тексерілген. Маңғыстауда спорт жаттықтырушыларының арасында құқық бұзушылық деректері тіркелген жоқ.

"Барлық құжаттар тексеріліп жатыр. Жергілікті атқарушы органның операторына жаттықтырушылардан түскен өтініштер бойынша соттылығы анықталған жоқ. Сонымен қатар, үш ірі құзырлы тексеру органы спорт жаттықтырушыларының арасында құқық бұзушылық деректерін анықтаған жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанның алты облысында "ArtSport" бағдарламасы аясында балаларды бұрынғы сутенер мен жезөкшелер дайындады деген ақпаратқа ашуланған болатын. Оның айтуынша, республика бойынша барлығы 20 осындай факт тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети