14 маусым 2023 | 09:24

Жігіт пен қыздың ойын алаңындағы әдепсіз қылығы Алматы тұрғынының ашуына тиді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Алматы тұрғыны жігіт пен қыздың тапа-тал түсте балалар алаңындағы әдепсіз қылығына ашуланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны жігіт пен қыздың тапа-тал түсте балалар алаңындағы әдепсіз қылығына ашуланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 30 мамырда түс уақытында Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болды. Оқиғаның куәгері - жергілікті тұрғын пәтерінің терезесінен не болып жатқанын бақылап тұрған. Оның айтуынша, жігіт пен қыз ұзақ уақыт құшақтасып, сүйісіп, кейін "ұятсыз істерге" кіріскен. Осы кезде әйел камераны қосып, барлығын видеоға түсіріп, редакциямыздың WhatsApp нөміріне жіберді.

"Әдепсіздік күндіз болып жатыр. Сағат 15:00 шамасында бұл қыз бен жігіт кәдімгідей айналысты. Аула ішінде. Ол жердегі ойын алаңында кішентай балалар болды", - деп ашуланды тұрғын.

Осыған байланысты түсініктеме алу үшін полицияға жүгіндік. Полиция департаменті қаладағы әдепсіз әрекет жасаған жастарды іздеуге кіріскенін хабарлады.

"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылық жасаған жер анықталды. Учаскелік инспекторлар қосылды. Құқық бұзушылар міндетті түрде анықталып, әдепсіз әрекеттері үшін жауапқа тартылады", - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer