Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды Жигули Дайрабаев. Фото facebook.com

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады.

Жигули Дайрабаев - "Атамекен" ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.

"Құрметті партияластарым, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Бар күшімді Қазақстанның және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына саламын", - деді Дайрабаев. 

Қазақстан фермерлері қауымдастығы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жигули Дайрабаев 68 жаста. Үйленген, үш баласы мен жеті немересі бар.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс сайлау биыл 20 қазанда өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети