03 мамыр 2023 | 13:44

Жигули Дайрабаев айналасындағы жанжалдарға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында журналистер депутаттан соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты тағылған айыптар туралы сұрады.

"Меркен ауданында жеке менің меншігімде бір метр жер жоқ, ол кезде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедік. Жұмыс барысында тиянақтылық пен ұқыптылық көрсеттім. Мен жұмыс істеп жүрген кездері, яғни 2000 жылдардың басында ауылдағы көптеген жерлер игерілмеген еді. Кейін көптеген азаматтар компанияға өз жерлерін берді, біз бұл жерлерге дәнді дақылдар, жүгері және қызылша ектік. Кейін ауыл азаматтарының көпшілігі сол жерде жұмыс істеді. Компанияда 350-500 жұмыс орны құрылды. Компания жаңа технологиямен, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген еді. Мен бұл компанияға келгенге дейін менің орнымда осы іспен 4-5 адам айналысқан", - деді Мәжіліс депутаты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Жигули Дайрабаев соңғы кездері өзіне тағылған айыптардың неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді.

"Мұның бәрі мен депутат болғаннан кейін болып отыр. Бәрі менен ақша алу мақсатында ұйымдастырып жатқан сияқты, бірақ менде артық байлық жоқ. Сондықтан бұл іспен құзырлы орган айналысуы керек деп ойлаймын", - деп жауап берді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети