Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге шақырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге шақырды Фото:facebook.com/auyl.partiasy

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократиялық партия) өкілі Нұрлан Әуесбаевқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократиялық партия) өкілі Нұрлан Әуесбаевқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге шақырған видео түсірді.

"...Facebook-ке қарауға уақыт та жоқ менде. Кеше самолетте келе жатып қарасам, ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаев менің атыма сын айтып жатыр екен.

Нұрлан батыр, саған айтарым: алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік.

ЖСДП деген партия бар ма екен өзі? Мен төрт өңірді аралағанда, ауылдастар ЖДСП деген партияны білмейді де, Нұрлан Әуесбаевты танымайды да.

Алыстан айбат шеккенше, менімен кездесші. Қазақта мынандай бір жақсы сөз бар: "Іс қуған қазынаға жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады". Бір-біріміздің артымыздан бәле іздегенше, елдің қамын ойлау керек. Халықты бірлікке шақыру керек. Бос әңгіменің бәрін қою керек!

Кел, мен ашықпын. (...)

Бос сөз сөйлегенше, елдің жағдайын жақсартуды ойлау керек. Мен осыны айтайын деді", - дейді Жигули Дайрабаев.

Бұған дейін ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаев Азат Перуашев, Ермұхамет Ертісбаев және Жигули Дайрабаев туралы батыл мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети