Жигули Дайрабаев ұлдарының сотталуына қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жигули Дайрабаев ұлдарының сотталуына қатысты мәлімдеме жасады Видео кадры

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасады.

"Құрметті әріптестер, алдымен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?", - деді Дайрабаев.

Еске салайық, Мәжіліске "Ауыл" партиясынан сайланған Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық 550 миллион теңгеден аса субсидия қаржысын жымқыру туралы іс бойынша шартты мерзімге сотталған болатын. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети