Жигули Дайрабаев үйіне қатысты іс бойынша сотта жеңіліп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жигули Дайрабаев үйіне қатысты іс бойынша сотта жеңіліп қалды Фото:t.me/mazhilis_kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Сарымолдаев ауылындағы үйді сатуға қатысты сотта жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Сарымолдаев ауылындағы үйді сатуға қатысты сотта жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талапкер әйелімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен жергілікті тұрғын Саит Рузиев болып шықты. Әйелі ортақ үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген.

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрара Рысқұлов ауданының соты Саит Рузиевтің бұрынғы әйелі мен депутат Жигули Дайрабаевқа, нотариус және облыстық әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты арызы бойынша шешім шығарды. Саид Рузиевтің бұрынғы әйелі мен Жигули Дайрабаев арасындағы 2021 жылғы 5 қарашадағы Сарымолдаева ауылындағы үйді сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылды, мүлік - бұрынғы ерлі-зайыпты бірлесіп жиған пайда. Олардың бірлескен мүліктегі үлесі 50 пайыздан деп анықталды.

Сот шешіміне бір ай ішінде шағым түсіруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети