Жинақтың 100 пайызына дейін: БЖЗҚ-дан ақшаны қалай аударуға болады?

Жинақтың 100 пайызына дейін: БЖЗҚ-дан ақшаны қалай аударуға болады? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының 50-ден 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Жыл басынан бері мыңдаған салымшы осы мүмкіндікті пайдаланды. Мұны қалай жүзеге асыруға болатынын және инвестициялық стратегияның қандай түрлері бар екенін зейнетақы қорының өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының 50-ден 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Жыл басынан бері мыңдаған салымшы осы мүмкіндікті пайдаланды. Мұны қалай жүзеге асыруға болатынын және инвестициялық стратегияның қандай түрлері бар екенін зейнетақы қорының өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сандар сөйлейді: жеке басқаруға сұраныс артып келеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәліметінше, тек 2026 жылдың алғашқы бес айында салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына аудару туралы 38,7 мың өтініш түскен.

Жарнама
Жарнама

Бүгінде бұл процесс толығымен дерлік цифрлық форматқа көшті. Басқарушыны ауыстыруға арналған өтінімдер басым бөлігін қазақстандықтар электронды түрде - қор сайтындағы жеке кабинет немесе мобильді қосымша арқылы жолдаған.

Қордағылар қазақстандықтар реттеуші талаптарына сәйкес келетін компанияларға міндетті жарналары есебінен жинақтарының 50 пайызына дейін және ерікті жарналар есебінен 100 пайызына дейін аударуға құқылы екенін еске салды.

Қай стратегияны таңдаған жөн: кез келген жасқа арналған портфельдер

Жеке басқарушыға ауысқан кезде салымшы инвестициялық портфельдің үш түрінің бірін таңдай алады. Олар адамның жасы мен ұзақ мерзімді инвестициялық тәуекелдерге дайындығы ескеріле отырып әзірленген:

  • Ki (12) портфелі — Әмбебап. Лайықты демалысқа шығуға қанша жыл қалғанына қарамастан, барлық салымшыға бірдей қолайлы. Ол бойынша ең төменгі табыстылық деңгейі қысқа мерзім, кейінгі 12 ай бойынша бағаланады.
  • Ki (36) портфелі — Орта мерзімді. Зейнетке шығуына кемінде 3 жыл қалғандар үшін тиімді. Мұнда басқарушылар анағұрлым икемді құралдарды пайдалана алады, ал ең төменгі табыстылық 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі.
  • Ki (60) портфелі — Ұзақ мерзімді. Зейнетке шығуына 13 жылдан астам уақыт бар жас салымшылар үшін таптырмас таңдау. Жоспарлаудың ұзақ мерзімі құбылмалы болса да, әлеуетті табысы жоғары активтерге инвестиция салуға мүмкіндік береді. Мұндағы тиімділік пен ең төменгі табыстылық 60 айлық кезең үшін есептеледі.

24/7 режиміндегі бақылау

Жеке басқару жүйесі толығымен ашық, деп атап өтті БЖЗҚ. Қаражат Ұлттық банк басқаруында қалса да, жеке басқарушыларға аударылса да, әрбір салымшы өзінің таза инвестициялық табысын нақты уақыт режимінде қадағалай алады.

Жақында БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару туралы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жаңа есеп жариялады. Құжатта қазақстандықтардың жинақ көлемі мен зейнетақы активтерінің табыстылығы ғана емес, салымшылар өз жинақтарының бір бөлігін немесе барлығын сеніп тапсыра алатын жеке басқарушы компаниялардың көрсеткіштері де қамтылған. Ақшаны белгіленген ең төменгі жеткілікті шекке қарамастан аударуға болады. Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама