Қазақстандықтар жеткілікті шекке қарамастан БЖЗҚ-дан ақшасының бір бөлігін аудара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жеткілікті шекке қарамастан БЖЗҚ-дан ақшасының бір бөлігін аудара алады Фото:depositphotos.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы жаңа есепті жариялады. Құжатта қазақстандықтардың жинақ көлемі мен зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы ғана емес, салымшылар өз жинақтарының бір бөлігін немесе барлығын сеніп тапсыра алатын жеке басқарушы компаниялардың көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы жаңа есепті жариялады. Құжатта қазақстандықтардың жинақ көлемі мен зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы ғана емес, салымшылар өз жинақтарының бір бөлігін немесе барлығын сеніп тапсыра алатын жеке басқарушы компаниялардың көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.

Қазір қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беруге құқылы. Ал ерікті зейнетақы жинақтарын толықтай басқаруға беруге болады. Жыл басынан бері жеке компаниялар мен БЖЗҚ қандай нәтиже көрсетті?

Зейнетақы жинақтары 27 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ деректеріне сәйкес, Ұлттық банк пен жеке басқарушы компаниялар басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 27,63 триллион теңгеге жетті.

Қаражаттың негізгі бөлігі - 26,42 триллион теңге Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында және ол міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Тағы 1,1 триллион теңгені жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған активтер құрайды.

Бұл ретте қазақстандықтардың жеке басқарушы компанияларға аударып үлгерген зейнетақы жинақтарының көлемі әзірге салыстырмалы түрде аз - шамамен 106 миллиард теңге.

Кейінгі 12 айда БЖЗҚ салымшыларға 2,71 триллион теңге көлемінде инвестициялық табыс есептеді. Осы кезеңде Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,46 пайыз болды.

Ұлттық банктің зейнетақы портфелінің шамамен 41 пайызы доллармен, ал 59 пайызы теңгемен орналастырылған. Инвестициялардың ең үлкен үлесін Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды - портфельдің 43 пайыздан астамы.

Кім ең жоғары кірістілік көрсетті?

Жарияланған есеп жеке басқарушы компаниялардың нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес, ірі жеке басқарушы компаниялардың барлығы Ұлттық банк нәтижесінен жоғары кірістілік көрсеткен (12,10-нан 18,28 пайызға дейін), ал Ұлттық банк дәл осы кезеңде 11,46 пайызды қамтамасыз етті.

Сонымен қатар мамандар белгілі бір кезеңдегі жоғары кірістілік болашақта да дәл сондай нәтиже боларына кепілдік бермейтінін ескертеді, өйткені инвестициялар әрқашан нарықтық тәуекелдермен байланысты.

Нарықта қандай өзгерістер болды?

Сондай-ақ есепте нарықта жаңа қатысушы - 2026 жылдың сәуірінде зейнетақы активтерін басқаруды бастаған Tansar Capital компаниясының пайда болғаны айтылған. Маусым басындағы жағдай бойынша оның басқаруында шамамен 110 миллион теңге болды.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ 2026 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтарын Halyk Global Markets-ке аудару туралы өтініштерді қабылдамайтынын хабарлады. Компания қорға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлама жіберген.

Бұған дейін Ұлттық банк БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық декларациясын бекіткені туралы хабарланған болатын. Жаңартылған тәсіл қазақстандықтардың жинақтарын инвестициялау кезінде кірістілікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі. Бұл салымшылар үшін нені білдіретінін материалдан оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

Читайте также

Валюта бағамы

 485.31   550.55   6.44 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +23
С
Семей +22
Т
Талдықорған +25
Тараз +28
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер