Ресейдің ЛДП жетекшісі Владимир Жириновский. ©РИА Новости
"Саясаткерлер Ресейдің ЛДП жетекшісі Владимир Жириновскийді Қазақстанға келу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады. Қазақстанның Ресейге қарсылық нотасын жолдауына Жириновскийдің «Орта Азия мемлекеттерін тәуелсіздігінен айыру керек» деп айтқаны себеп болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. 23 ақпанда өткен мерекелік жиында, "Россия 24" телеканалының тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде Жириновский "Орта Азия мемлекеттерін тәуелсіздігінен айыру керек" деп айтқан. "Орталық Азияда ешқандай республика болмайды. Ортаазиялық федеральді аймақ - бас қала Верный! Бүгінде оның Алматы деген жалған аты бар - менің туған қалам. Бұлар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстан дегенді ойлап тапты. Тек Ортаазиялық федеральді аймақ болады" деп мәлімдеді ол. Саясаткер Досым Сатпаевтің айтуынша, қазақстандықтардың наразылығын тудырған мәлімдеменің, бұған дейінгі Эдуард Лимоновтің мәлімдемесінен өзгешелігі - Жириновский - Ресей саяси жүйесінің бір бөлігі, ал оның партиясы-Мемлекеттік Думаның бір бөлігі. "Оның мәлімдемесі өзіндік салмаққа ие. Ол бүгінгі саяси жүйенің ресми өкілі ретінде сөйлейді. Сондықтан ол өз сөзіне жауап беруі керек. Ресей басшылығы ресми жауап беру үшін сондай мәлімдеме жасаған адамға қатысты өзінің ұстанымын анықтап алуы тиіс" - дейді саясаткер. Саясаткер Ерлан Қарин де осындай ұйғарымда. Ол сыртқы істер министрлігін қатаң талап қоюға шақырды. Соның бір нұсқасы ретінде Жириновскийді Қазақстанға келтірмеуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс. "Бұл ретте бір ғана арызбен шектеліп қалуға болмайды. Менің ойымша, әртүрлі амалдарды қарастыру керек. Оны Қазақстанға келу құқығынан айыру қажет. Өйткені, Жириновскийдің бұл бірінші мәлімдемесі емес. Біз үнемі үнсіз қалып, бір ғана қарсылық нотасымен шектеліп қалмауымыз керек. Бұдан былай, мұндай нәрселердің жолын кесуіміз қажет» - дейді саясаткер Ерлан Карин.
"Саясаткерлер Ресейдің ЛДП жетекшісі Владимир Жириновскийді Қазақстанға келу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады. Қазақстанның Ресейге қарсылық нотасын жолдауына Жириновскийдің «Орта Азия мемлекеттерін тәуелсіздігінен айыру керек» деп айтқаны себеп болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.
23 ақпанда өткен мерекелік жиында, "Россия 24" телеканалының тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде Жириновский "Орта Азия мемлекеттерін тәуелсіздігінен айыру керек" деп айтқан. "Орталық Азияда ешқандай республика болмайды. Ортаазиялық федеральді аймақ - бас қала Верный! Бүгінде оның Алматы деген жалған аты бар - менің туған қалам. Бұлар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстан дегенді ойлап тапты. Тек Ортаазиялық федеральді аймақ болады" деп мәлімдеді ол.
Саясаткер Досым Сатпаевтің айтуынша, қазақстандықтардың наразылығын тудырған мәлімдеменің, бұған дейінгі Эдуард Лимоновтің мәлімдемесінен өзгешелігі - Жириновский - Ресей саяси жүйесінің бір бөлігі, ал оның партиясы-Мемлекеттік Думаның бір бөлігі. "Оның мәлімдемесі өзіндік салмаққа ие. Ол бүгінгі саяси жүйенің ресми өкілі ретінде сөйлейді. Сондықтан ол өз сөзіне жауап беруі керек. Ресей басшылығы ресми жауап беру үшін сондай мәлімдеме жасаған адамға қатысты өзінің ұстанымын анықтап алуы тиіс" - дейді саясаткер.
Саясаткер Ерлан Қарин де осындай ұйғарымда. Ол сыртқы істер министрлігін қатаң талап қоюға шақырды. Соның бір нұсқасы ретінде Жириновскийді Қазақстанға келтірмеуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс. "Бұл ретте бір ғана арызбен шектеліп қалуға болмайды. Менің ойымша, әртүрлі амалдарды қарастыру керек. Оны Қазақстанға келу құқығынан айыру қажет. Өйткені, Жириновскийдің бұл бірінші мәлімдемесі емес. Біз үнемі үнсіз қалып, бір ғана қарсылық нотасымен шектеліп қалмауымыз керек. Бұдан былай, мұндай нәрселердің жолын кесуіміз қажет» - дейді саясаткер Ерлан Карин.