ОҚО-да ұрланған Мұхаммед Қамшыбектің анасы Жанна Ағабекова бұл іске екінші күдіктің әйелдің қатысы жоқ деп есептейді. Бұл жерде мәселе ОҚО-дағы Ордабасы ауданының тұрғыны Сәндігүл Сүйіндік жайлы болып отыр. Бұл туралы баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеді.
ОҚО-да ұрланған Мұхаммед Қамшыбектің анасы Жанна Ағабекова бұл іске екінші күдіктің әйелдің қатысы жоқ деп есептейді. Бұл жерде мәселе ОҚО-дағы Ордабасы ауданының тұрғыны Сәндігүл Сүйіндік жайлы болып отыр. Бұл туралы баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеді.
Оның айтуынша, ол ОҚО ІІД өкілдері таратқан екінші суреттегі әйелді таниды екен. "Ол менің ұлымды алып кеткен жоқ. Ол бізге ақша қарыз, сондықтан оны да күдіктілер қатарына қостық. Біз онымен сөйлескенбіз. Ол мұндай іске бармайды. Оның бұл іске қатысы жоқ", - деп мәлімдеді Ағабекова. Әйел өз енесінің Сәндігүл Сүйіндікке банктен кредит алып бергенін және оның қазіргі уақытта қарызды ай сайын уақытылы төлеп тұратынын айтып берді. Сонымен қатар, екінші күдікті баланың жоғалып кетуінің алдында да ауылда болмаған. Ол Мұхаммедті іздеуге 500 еріктінің қосылғанын атап өтті. Бала Қазақстанның барлық қалаларында іздестіріліп жатыр.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер мектептен қайтып келе жатқан баланы жасы 50-55-тер шамасындағы, бойы 160 сантиметр жобасында, толықша келген, реңі ашық, қара қоңыр қайыс күрте киген, бас киімі тоқылған қоңыр түсті азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткенін хабарлаған болатын. Полицейлер куәгерлердің айтуынан фоторобот жасады.
Сонымен қатар, кәмелет жасына толмаған баланы ұрлады деген күдікпен Ордабасы ауданының 1965 жылғы тұрғынын (азиялық түр кескінді, тұрғылықты мекен-жайы жоқ) іздестіріп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жоғалған баланы табуға қажетті барлық шараны жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген. Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адамның" суреті бар. Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.